«A sanctuary with a steering wheel» (Дөңгелекті ғибадатхана)
Гибрид жетекпен және жайлылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйелермен, сондай-ақ ақпараттық және қосу мүмкіндіктері мол ойын-сауық жүйесімен жабдықталған Range Rover Velar біздің болашақ туралы қиялымызды және инновацияларға деген ымырасыз қадамымызды жүзеге асырады. Дизайннан шабыт алған және шынайы өмірді инновацияға айналдыратын технологиялармен танысыңыз\
Қосылатын гибридтік жетегі (PHEV) бар,электр күшімен 64 км дейін еңсеретін автокөлік
жеңіл әрі үнемді жүргізуді қамтамасыз етеді. Ал тұрақты токпен тез зарядтау мүмкіндігінің арқасында автокөліктің толықтай заряды таусылған батареясын 80 %-ға дейін 30
минут ішінде зарядтап беруге қабілетті‡ .
Біздің дизайнерлеріміз кемеліне жеткізген бұл нұсқалардың бойында әдемілік пен жайлылық үйлесім тапқан және қазірден бастап тапсырыс беруге қолжетімді.
Модельдердің бірін таңдап, автокөліктер тобымен таныса бастаңыз.
**WLTP көрсеткіштерін қарап шығу
Бұл деректер толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген өндірушінің ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. CO шығарындылары2отын үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері көлік жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, таситын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер және қосымша жабдық, нақты бағыт және аккумулятордың жай-күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.
‡Зарядтау уақыты көптеген факторларға, соның ішінде автокөліктің жасына және күйіне, қоршаған орта температурасы мен батарея зарядының деңгейіне, сондай-ақ зарядтау құрылғысы мен зарядтау ұзақтығына байланысты ауытқуы мүмкін.
Meridian – Meridian Audio Ltd. Trifield компаниясының тіркелген сауда белгісі, ал «three fields» құрылғысы – Trifield Productions Ltd компаниясының сауда белгісі.
Назар аударыңыз: стандартты функциялар балама жинақтамаларды таңдағанда өзгеруі мүмкін. Стандартты функциялар көліктің қозғалтқыш нұсқасына және беріліс қорабына байланысты өзгеруі мүмкін.
Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөліктің жинақтамасына (модификацияларға және күштік агрегатқа) байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функция үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.
Жүргізушіге қауіпсіз болған жағдайда ғана мультимедиалық функцияларды пайдалануға рұқсат етіледі. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.
Pivi және InControl функциялары мен опцияларының, сондай-ақ бөгде жеткізушілер қызметтерінің қолжетімділігі нарыққа байланысты. Еліңіз бойынша бар-жоғы және толық талаптар туралы ақпаратты Land Rover ресми дилерінен нақтылап алыңыз. Кейбір мүмкіндіктер жазылымның болуын талап етеді, оны ресми дилер ұсынған бастапқы мерзімнен кейін ұзарту қажет болады. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экран дизайны мен әрекеттер дәйектілігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды параметрлерге байланысты өзгертілуі мүмкін.