КӨБІРЕК БІЛУ

DISCOVERY SPORT
<h3><b>КӨБІРЕК БІЛУ</h3> DISCOVERY SPORT

ОЙЛАСТЫРЫЛҒАН ӘМБЕБАПТЫҚ

КЕҢ ОРЫНДЫҚТАР

7 орынға дейін жететін көп орындық санының арқасында және өз класындағы алдыңғы консольда заттарды сақтайтын өте кең ашық орынның арқасында1бүкіл отбасы сәнді әрі жайлы жағдайда саяхаттай алады.

ӨЗІҢІЗБЕН БІРГЕ БАРЛЫҒЫН АЛЫҢЫЗ

Көліктің төбесіне салуға рұқсат етілген динамикалық жүктеме 75 кг дейін: сіз оған жоғарғы багаж боксын орната аласыз немесе велосипед пен басқа жабдықты тасымалдай аласыз.

ҮНЕМІ БАЙЛАНЫСТА

Орындықтардың әр қатарында көзделген USB-C ағытпалар мен тезірек зарядтауға арналған жоғарғы қуаттың арқасында сіз өз құрылғыларыңызды әрдайым уақытында зарядтай аласыз.

КЕЛЕСІ ШЫТЫРМАН ОҚИҒАҢЫЗҒА АРНАЛҒАН

FOR YOUR NEXT ADVENTURE

КЕРЕМЕТ ДИЗАЙН

Табалдырықтардағы жылтыр қара төсеніштер мен Discovery моделіне тән алты бұрыштар негізіндегі суреті бар радиатор торы шанақ түсіндегі қорғаныш пластиналарымен және Narvik Black Gloss түсіндегі капоттағы Discovery жазуымен толықтырылған.

ДИНАМИКАЛЫҚ КЕЛБЕТ

Discovery моделінің танымал ерекшеліктері – батыл көңіл күй, көтеріле түсетін белдік сызығы және мәнерлі артқы бағана – бірден көз тартады. 21 дюймдік және 19 дюймдік жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілері Gloss Black және Diamond Turned әрлеуімен ұсынылады.

КЕРЕМЕТ ТҮС

Discovery Sport Dynamic моделінің ерекшеліктерінің бірі — сүйреу құлақшаларына арнап шанақ түсінде жасалған жапсырмалар. Бұл ретте жылтыр қара түсті әрленген табалдырықтардың төсеніштері оның батыл заманауи дизайнын айшықтай түседі.

ИНТУИТИВТІ ТҮСІНІКТІ БАСҚАРУ

Әр сапарыңыздың барлық аспектісін Pivi Pro жүйесінің диагоналі 11,4 дюймдік жаңа «қалқып тұратын»2 томпақ дисплейімен басқарыңыз. Берілістер қорабының жаңа селекторы одан да жеңіл әрі жағымды жүргізуді қамтамасыз етеді.

КЕПІЛДІ ЖАЙЛЫЛЫҚ

Материалдардың мол таңдауының арқасында, соның ішінде Luxtec жасанды былғарысы мен Suedecloth күдері материалының арқасында барлық жолаушылардың жайлы отыратынына сенімді болыңыз. Әртүрлі түстегі DuoLeather немесе Windsor былғары қаптамалары қолжетімді.

ТАҢҒАЛАРЛЫҚ АЙНАЛА ШОЛУ МҮМКІНДІГІ

Discovery Sport салонын табиғи жарыққа толтырып, қосымша опция ретінде ұсынылатын панорамалық әйнек төбенің арқасында кез келген орында отырып, керемет шолу мүмкіндігінен ләззат алыңыз.

ТҮСІНУГЕ ОҢАЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

ҮНЕМІ БАЙЛАНЫСТА

Pivi Pro ақпараттық ойын-сауықтық жүйенің көмегімен отбасылық шытырман оқиғаларды кідіртпей бастаңыз.2 Мәселенің 90 пайызын шешу үшін диагоналі 11,4 дюмдік «қалқып тұратын» томпақ сенсорлы дисплейді екі рет басу жеткілікті.

ВИРТУАЛДЫ АСПАПТАР ТАҚТАСЫ

Жоғары ажырату қабілеті бар 12,3 дюймдік виртуалды аспаптар тақтасы автокөлік туралы және сапар туралы ақпаратты, сондай-ақ навигациялық жүйенің деректерін жүргізушінің көз алдында ұстауға арналған. Қосымша проекциялық дисплей негізгі ақпаратты жел әйнегіне шығаруға мүмкіндік береді.4.

АУАНЫ ТАЗАРТУ

Салондағы ауаның сапасын бақылаудың өз класында қолжетімді ең жақсы технологияларын пайдалана отырып,1Plus салондағы ауаны тазарту жүйесі салондағы ауаны сүзгіден өткізіп, шаң мен микробтан тазалайды, сондай-ақ көмірқышқыл газының деңгейін бақылап,2 отбасыңыздың денсаулығын сақтайды.

ҚОСЫМША ЖАЙЛЫЛЫҚ ҮШІН ҚОСЫЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Amazon Alexa, Cloud Connectivity және Apple CarPlay® қолдауымен,7 сондай-ақ опция ретінде ұсынылатын тарифтік жоспары бар Wi-Fi кіру нүктесімен сіздің отбасыңыз әрдайым қоршаған әлеммен байланыста болады. Land Rover Remote Skill8 функциясы автокөлікпен қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

СЫМСЫЗ ЗАРЯДТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ

Мобильді құрылғыларды сымсыз зарядтау жүйесі3 мен қосылу технологиялары үйлесетін смартфондарды зарядтап, салондағы сымдар санын азайтуға себепші.

ҚОСЫМША ТИІМДІЛІК

ҚОСЫЛАТЫН ГИБРИД

Әдеттегі күнделікті сапарлардың 90 пайыздан астамын тек электр жетек режимінде шегіңіз9. Қосылатын гибридті жетегі бар (PHEV) автокөлік зиянды заттар шығармай, электр тарту күшімен жүре алады. Тұрақты токпен 0-ден 80 %-ға дейін шамамен 30 минутта тез зарядталады .
КОНФИГУРАТОР

ЭЛЕКТРЛІ ГИБРИДТІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ

ЭЛЕКТР ТАРТУ КҮШІНДЕГІ ЖҮРІС ҚОРЫ

61 КМ-ГЕ ДЕЙІН**

Шынайы пайдалану жағдайларындағы күтілетін жүріс қоры (WLTP аясында) — 47 км дейін.

ШЫҒАРЫНДЫЛАР2 CO2 (ОТ)

33 Г/КМ**

Электржетекпен жүрген кезде шығарындылар жоқ.

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ЗАРЯДТАУ УАҚЫТЫ

30 МИНУТТАН (БАСТАП)

Тұрақты токпен 0-ден 80 %-ға дейін шамамен 30 минутта тез зарядталады.

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЗАРЯДТАУ УАҚЫТЫ

2 БІР САҒАТ 12 МИН (БАСТАП)

Үйдегі 7 кВт қуаты бар айнымалы ток зарядтау құрылғысының көмегімен 100 %-ға дейін.

СЕНІМДІЛІК ҰЯЛАТАТЫН МҮМКІНДІКТЕР

CONFIDENT CAPABILITY

ҚАЛАҒАН ЗАТТЫ СҮЙРЕҢІЗ

Discovery Sport салмағы 2500 кг дейінгі тіркемені сүйрей алады*, бұл трейлерден бастап жылқыға арналған фургонға дейін әртүрлі модельдерді оған қосуға мүмкіндік береді.

БЕЙІМДЕЛЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Кез келген жағдайда толық сенімді болу үшін әрбір Discovery Sport жол талғамайтын көлігі толық жетекпен, All Terrain Progress Control және Terrain Response 2 жүйелерімен жабдықталады.

ЖОЛМЕН ОҢТАЙЛЫ ІЛІНІСУ

Launch Traction Control батып қалуға қарсы жүйесі, көлбеу бетте орыннан жаймен қозғалу жүйесі (Gradient Release Control), тауға қарай орыннан жаймен қозғалу функциясы (Hill Launch Assist) және еңіске қарай бақыланатын қозғалыс жүйесі (Hill Descent Control) ойлы-қырлы жермен жүрген кезде өзіңізге сенімділік сыйлайды.

Бұл деректер өндірушінің толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. CO2 шығарындысы,2отын үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері көлік жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, таситын жүктің, орнатылған дөңгелектің және қосымша жабдықтың салмағы, нақты бағыт және аккумулятордың жай-күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.

Wet: Жүксалғыш көлемінің мәні кеңістікке сұйықтық толтыруды үлгілеу арқылы алынды.

*Сүйреу электрмен тарту күшіндегі жүріс қорына айтарлықтай әсер етеді.

Зарядтау уақыты көптеген факторларға, соның ішінде автокөліктің жасына және күйіне, қоршаған орта температурасы мен батарея зарядының деңгейіне, сондай-ақ зарядтау құрылғысы мен зарядтау ұзақтығына байланысты ауытқуы мүмкін.

103.03.2023 жылғы ахуалға сәйкес сыныптағы ең жақын бәсекелеспен салыстырғанда.

2Connected Navigation сервисіне жазылымның қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін оны Land Rover ресми дилеріне хабарласып, ұзартуға болады.

3Тек үйлесімді смартфондарды ғана қолдайды.

4Кейбір нарықтарда жел әйнегіне күннен қорғайтын экран орнату талап етіледі. Автокөлікке Pivi Pro жүйесі орнатылған жағдайда ғана алдыңғы әйнекте навигация нұсқаулары көрінеді.

5Егер екі немесе бірнеше фокусты линзаларды пайдаланатын тұлғалар ClearSight сандық артқы көрініс кескінінің фокусын оңай реттей алмаса, олар кез келген уақытта артқы көрініс айнасы режиміне қайтып орала алады. Кескін нақты уақыт режимінде трансляцияланады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қоршаған жағдайды бақылау қажет. Жергілікті заңдарға сәйкес реттеледі.

6ClearSight Ground View жұмысы 3D айнала шолу камералары жүйесіне байланысты болады. Кескін нақты уақыт режимінде трансляцияланады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қоршаған жағдайды бақылау қажет. Жергілікті заңдарға сәйкес реттеледі.

7Автокөлігіңізде Apple CarPlay жүйесін пайдалануға болады. Apple CarPlay ұсынатын сервистер еліңіздегі функциялардың қолжетімділігіне байланысты. Толығырақ ақпаратты мына парақшадан қараңыз: https://www.apple.com/uk/ios/feature-availability/#apple-carplay.

8Land Rover Remote-қа жазылым бойынша сервистер кіреді, бұл қызметтің мерзімі Land Rover дилеріңіз ұсынған бастапқы мерзім өткен соң ұзартылуы мүмкін. Land Rover Remote қосымшасын Apple App Store/Google Play Store-дан жүктеп алу керек.

92019 жылдан 2022 жылға дейін Discovery Sport моделі үшін әлем бойынша 30 елде жинақталған InControl жүйесінің деректеріне негізделіп есептелген орташа күндік жүрілетін жол (51 км). Батарея толық зарядталған болған жағдайда.

Meridian — Meridian Audio Ltd. Trifield компаниясының тіркелген сауда белгісі және Three fields құрылғысы — Trifield Productions Ltd компаниясының сауда белгісі.

Назар аударыңыз: стандартты функциялар интерьер әрлемесінің қосымша нұсқаларын таңдағанда өзгеруі мүмкін. Стандартты функциялар көліктің қозғалтқыш нұсқасына және беріліс қорабына байланысты өзгеруі мүмкін.

Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөліктің жинақтамасына (модификацияларға және күштік агрегатқа) байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функциялар үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.

Жүргізушіге мультимедиалық функцияларды пайдалануға тек қауіпсіз болған жағдайда рұқсат етіледі. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.

Pivi және InControl функциялары мен опцияларының, сондай-ақ бөгде жеткізушілер қызметтерінің қолжетімділігі нарыққа байланысты. Еліңіз үшін қолжетімділік пен толық талаптар туралы ақпаратты Land Rover ресми дилерінен біліңіз. Кейбір мүмкіндіктер жазылымның болуын талап етеді, оны ресми дилер ұсынған бастапқы мерзімнен кейін ұзарту қажет болады. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экранның безендірілуі мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгертілуі мүмкін.