КӨБІРЕК БІЛУ

RANGE ROVER EVOQUE
<h3><b>КӨБІРЕК БІЛУ </h3> RANGE ROVER EVOQUE

ЫМЫРАҒА КЕЛІСПЕЙ

CRAFTED WITHOUT COMPROMISE

ТАРТЫМДЫ ДИЗАЙН

Evoque Range Rover дизайнының өзіне тән қырларын сақтап қалды: «самғаған» төбе, үздіксіз белбеу сызығы және көлемді суреті бар жаңа әсем радиатор торы. Жаңа пиксельді жарықдиодты фаралар анық әрі бірден танылатын жарық суретін береді.

ҚАЛТ ЕТПЕЙ БАҚЫЛАУ

Range Rover Evoque Dynamic Graphite Atlas әрлемесі бар төмен алдыңғы және артқы бамперлерімен көздің жауын алады. Оның көрікті келбетін Diamond Turned кереғар әрлемесі бар Gloss Dark Grey сұр түсті, 21 дюймдік, жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілері толықтырады.

АСА СҮЙКІМДІ СТИЛЬ

Заманауи жарық суреті мен қанық қызыл жарықдиодтары бар артқы шамдар блогының айрықша ерекшелігі — автокөлікті ашу және жабу кезіндегі анимациялардың жаңа сценарийлері.
CRAFTED WITHOUT COMPROMISE

ТЫНЫШТЫҚ АТМОСФЕРАСЫ

Range Rover Evoque моделінің тыныш әрі ықшам салонында жаңа орталық консоль назарыңызды аудартады, онда жаңа беріліс қорабының селекторы, диагоналі 11,4 дюйм болатын «самғаған» иілген сенсорлы дисплей және жетілдірілген ұсақ-түйек бөлімі орналасқан.

ЗАМАНАУИ МАТЕРИАЛДАР

Мұқият іріктеп алынған сәнді материалдар арасында өзіне тән Herringbone Diamond перфорациясы бар Windsor былғарысы ерекшеленіп тұрады, ол табиғи былғарының баламасы — Ebony түсті Ultrafabrics™ перфорациялы материал — және заманауи, ұстағанда жағымды сезілетін Kvadrat™ жүнінің қосындысы.

ТАҢДАУЛЫ БӨЛШЕКТЕР

Moonlight Chrome әрлемесінің жаңа нұсқасы визуалды түрде орталық консольдің көрікті әрі әсем әрлемесімен желдету саңылауларының жиектемелерін, рульді және дефлектор реттегіштерін белгілейді.

МІНСІЗ ӘРЛЕМЕ

Салонды әлдеқайда тартымды ету үшін әрлеменің әртүрлі үйлесімі мен нұсқаларының мол спектрі ұсынылады. Сіз жоғары технологиялы заманауи стильді немесе барлығын бір жерге тұтастыру үшін ұстағанда жағымды, табиғи барабар әрлемені таңдай аласыз.

ҚОСЫМША ЖАЙЛЫЛЫҚ ҮШІН ҚОСЫЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ

PIVI PRO АҚПАРАТТЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БУЫНЫ

Көптеген марапаттарға ие болған Pivi Pro1 ақпараттық және ойын-сауық жүйесі барлық функцияларды салон ортасында орналасқан жаңа 11,4 дюймдік иілген сенсорлы дисплейдің көмегімен басқаруға мүмкіндік береді. Барынша ыңғайлы болуы үшін дауыс зорайтқышты, климаттық жүйені және орындықтарды басқару құралдары әрдайым ыңғайлы жерде болады.

AMAZON ALEXA

Alexa-мен сөйлесіп,3 автокөліктің маңызды функцияларын басқарыңыз. Дауыс арқылы навигациядан бастап мультимедианы таңдауға дейін барлығын  — тіпті үйіңізде тұрған үйлесімді интеллектуалды құрылғыларды да басқаруға болады.

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Pivi Pro жүйесі1 Интернет арқылы бағдарламалық құралды жаңарту функциясымен жарасымды үйлеседі,4бұл Range Rover Evoque көлігіңіздің технологияларын үнемі жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді. What3words навигациялық сервисі көліктің тұрған жерін дәл анықтау үшін үш сөзден құралған енгізу деректерін пайдаланады.

ҮНЕМІ БАЙЛАНЫСТА

Сіз USB-C ағытпаларын пайдаланып, құрылғыларыңызды әрдайым дер кезінде зарядтай аласыз, демек, көлік ішіндегі барлық жолаушы айналадағы әлеммен үнемі байланыста болады. Бұл ретте сымсыз зарядтау жүйесі салондағы сымдар санын азайтуға мүмкіндік береді.

ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ

Автокөлікті басқаруды және тұраққа қоюды оңай әрі қауіпсіз етуге арналған функциялар таңдауға қолжетімді. Инновациялық технологиялардың көпшілігі әр сапарды барынша жайлы етуге мүмкіндік береді.

PLUS САЛОНДАҒЫ АУАНЫ ТАЗАРТУ ЖҮЙЕСІ

Осы санатта қолжетімді, ең жетілген бақылау технологияларын пайдалана отырып,5 Range Rover Evoque көлігіңізге орнатылған Plus салондағы ауаны тазарту жүйесі CO деңгейін қадағалай және бақылай отырып, сондай-ақ PM2,5 түйіршіктерін сүзуді қамтамасыз ете отырып, өзіңізді жақсы сезінуге,2 зейінді жақсартуға көмектеседі2 .
КОНФИГУРАТОР

ЭЛЕКТРЛІ ГИБРИД

PHEV («электр желісінен зарядталатын гибрид автокөлік») нұсқасындағы Range Rover Evoque екі әлемнің артықшылықтарын біріктіреді: ол 80 кВт электрмотормен және Ingenium бензиндік қозғалтқышымен жабдықталған. Кәдімгі күндізгі сапарды тек электржетек режимінде жасаңыз6. Сертификацияланған жүріс қоры – 62 км дейін.**.

ЭЛЕКТРЛІ ГИБРИДТІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ

ЭЛЕКТР ТАРТУ КҮШІНДЕГІ ЖҮРІС ҚОРЫ (ДЕЙІН)

62 КМ**

Шынайы пайдалану жағдайларындағы күтілетін жүріс қоры (WLTP шеңберінде — 43 км дейін.

ШЫҒАРЫНДЫЛАР2 CO2 (БАСТАП)

31 Г/КМ**

Электржетекпен жүрген кезде шығарындылар жоқ.

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАҒЫ ЗАРЯДТАУ УАҚЫТЫ

30 МИНУТ

Тұрақты токпен 0-ден 80 %-ға дейін тез зарядтау үшін шамамен 30 минут қажет.

ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЗАРЯДТАУ УАҚЫТЫ (БАСТАП)

2 С 12 МИН

Үйдегі 7 кВт қуаты бар айнымалы ток зарядтау құрылғысының көмегімен 100 %-ға дейін.

ЖОЛСЫЗ ЖЕРМЕН ЖҮРУ ҚАБІЛЕТІ ЖОҒАРЫ

БЕЙІМДЕЛЕТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Кез келген жағдайда абсолютті сенімді болу үшін автокөлік интеллектуалды толық жетек жүйесімен және тежеу кезінде айналдыру моментін векторлау жүйесімен жабдықталған, олар Range Rover көлігіне тән жолсыз жермен жүру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Оларды көптеген инновациялық технологиялар толықтырады, соның ішінде All-Terrain Progress Control және Terrain Response 2 жүйелері де бар.

ЖОЛМЕН ОҢТАЙЛЫ ІЛІНІСУ

Өрге қарай бірқалыпты қозғалу функциясы (Hill Launch Assist) қосымша көмектеседі, ол автокөліктің кенеттен артқа сырғып кетуіне жол бермейді. Төңкерілуден сақтау жүйесі және бағыт тұрақтылығын динамикалық бақылау жүйесі автокөліктің сулы шөп, қар және мұз сияқты тайғақ беттердегі сипаттамаларын жақсартады, ал тіркемені тұрақтандыру жүйесі сүйреу кезінде абыржымауға көмектеседі.

Бұл деректер өндірушінің толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. CO2 шығарындылары,2отын үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері көлік жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, таситын жүктің салмағы, орнатылған дөңгелектер және қосымша жабдық, нақты бағыт және аккумулятордың жай-күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты бағдармен жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.

Зарядтау уақыты көптеген факторларға, соның ішінде автокөліктің жасына және күйіне, қоршаған орта температурасы мен батарея зарядының деңгейіне, сондай-ақ зарядтау құрылғысы мен зарядтау ұзақтығына байланысты ауытқуы мүмкін.

1Pivi және InControl функциялары, опциялар, үшінші тарап жеткізушілері көрсететін қызметтер және олардың қолжетімділігі нарыққа байланысты — өзіңіздің Land Rover дилеріңізден жергілікті нарықта қолжетімді екенін нақтылаңыз және барлық талаптарды тексеріңіз. Кейбір функциялар үшін деректерді беруге лайықты келісімшарты бар тиісті SIM-карта талап етіледі, бұл бастапқы кезеңнен кейін дилеріңіздің кеңесі бойынша қосымша жазылуды қажет етеді. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экранның безендірілуі мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгертілуі мүмкін. Connected Navigation сервисіне жазылымның қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін оны Land Rover ресми дилеріне хабарласып, ұзартуға болады.

2Айнала шолу 3D-камераларының жүйесі. Кескін нақты уақыт режимінде трансляцияланады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қоршаған жағдайды бақылау қажет. Жергілікті заңнамаға сәйкес реттеледі.

3Amazon, Alexa және оларға байланысты барлық логотиптер Amazon.com, Inc. немесе оның еншілес компанияларының тауар белгілері болып табылады. Alexa-ның белгілі бір функциялары ақылды үй технологияларына байланысты болады. Қосымша өнімдер мен баптаулар қажет болуы мүмкін. Тек үйлесімді смартфондарды ғана қолдайды. Қосу мүмкіндіктері нарықта пайдаланылатын басқа желі платформалары мен жазылымдарға байланысты.

4Тек үйлесімді смартфондар үшін. Қолжетімділік пайдаланылатын мобильді желіге, сигнал деңгейіне және клиенттің есептік жазбасына байланысты. Мобильді деректер желісі немесе Wi-Fi қажет. Интернет арқылы бағдарламалық құралды жаңарту мүмкіндігі жүргізушінің келісімін талап етеді және желіге қосылу ерекшеліктері мен нарықтағы қолжетімділікке байланысты болады.

503.03.2023 жылғы ахуалға сәйкес сыныптағы ең жақын бәсекелеспен салыстырғанда.

62019 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде Range Rover Evoque моделі үшін бүкіл әлем бойынша 30 елде жинақталған InControl жүйесінің деректері негізінде есептелген орташа күндік жүрілетін жол (48км). Батарея толық зарядталған жағдайда.