RANGE ROVER VELAR ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУ

RANGE ROVER VELAR ТУРАЛЫ КӨБІРЕК БІЛУ

ЖИНАҚЫ ДИЗАЙН

Range Rover Velar Reductive Design

ӘРБІР БӨЛШЕККЕ КӨҢІЛ БӨЛУ

Range Rover Velar-дың экстерьері ойластырылған дизайнымен және таңдаулы элементтерімен ерекшеленеді. Олардың қатарында — автокөліктің пропорцияларын оңтайландыруға мүмкіндік берген әртүрлі әрлеу нұсқаларымен жаңа радиатор торы.

ОҢТАЙЛЫ АЭРОДИНАМИКА

Модельдің сыртқы бейнесін артық бөлшектерден арылтатын және автокөліктің аэродинамикалық сипаттамаларын оңтайландыратын есіктің жасырылған тұтқалары арнайы қайырылып шығарылмайынша осындай қалыпта тұрады.

МІНСІЗ ОРЫНДАЛУ

Автокөліктің артқы бөлігінің жинақы дизайны пайдаланылған газдарды шығару жүйесінің жасырын келтеқұбырларымен сипатталады. Лазерлік суреті және қанық қызыл жарықдиодтары бар жаңа артқы шамдар блогы онша білінбейтіндей етіп жасалған.
Range Rover Velar Reductive Design

ЖИНАҚЫ ТАҢДАМАЛЫЛЫҚ

Ортаңғы консоль жинақы және таңдаулы дизайнымен ерекшеленеді, сондай-ақ ұсақ-түйектерге арналған кең бөлімдері және құрылғыларды сымсыз зарядтайтын қолайлы жүйесі бар.

ТАБИҒИ ӘДЕМІЛІК

Ағаштың табиғи әдемілігінен және ерекше тактильді сезімдерден ләззат алыңыз. Бұл модельдер үшін ұсынылатын буаттың сәнді түрлерінің топтамасы — біздің мамандарымыздың аса жоғары шеберлігінің нәтижесі.

ЖАРЫҚ КЕҢІСТІК

Автокөлігіңіздің ішін күн сәулесіне толтырыңыз. Қозғалмайтын және жылжымалы секциялары бар панорамалық төбе Range Rover Velar салонында кеңдік сезімін күшейтеді.

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

PIVI PRO АҚПАРАТТЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА БУЫНЫ

Көптеген марапаттарға ие болған Pivi Pro ақпараттық ойын-сауық жүйесі1 барлық функцияларды салон ортасында орналасқан жаңа 11,4 дюймдік иілген сенсорлық дисплейдің көмегімен басқаруға мүмкіндік береді. Ол жинақы және сәнді алдыңғы панельдің бейнесін аяқтап қана қоймай, интуитивтік түсінікті интерфейстің арқасында жүргізуші мен жолаушыларға дыбыс деңгейін реттеуге, климаттық жүйені және автокөлік орындықтарының күйін баптауға да мүмкіндік береді.

ИММЕРСИВТІ ДЫБЫС ШЫҒАРУ

Тыңдаудан көп қырлы әсер алу. 23 динамикпен және 1300 Вт қуат күшейткішімен жабдықталған MeridianTM Signature Sound System аудиожүйесі музыканы жоғары сапада ойнатуға кепілдік береді.

ҚОСЫМША ЖАЙЛЫЛЫҚ ҮШІН ҚОСЫЛУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Online опциялар топтамасы2 автокөліктің қоршаған әлеммен үздіксіз байланысын және кіріктірілген қолданбаларға, соның ішінде Amazon Alexa және Spotify қолданбаларына кіруге мүмкіндік береді. Бағдарламалық құралдың сымсыз жаңартылуының (SOTA) арқасында автокөлігіңізде әрдайым бағдарламалардың ең заманауи нұсқалары орнатылған болады.

СЫМСЫЗ ЗАРЯДТАУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ

Құрылғыларды сымсыз зарядтау жүйесі мен қосылу технологиялары үйлесімді смартфондарды зарядтауға және салонды қажетсіз заттардан босатуға мүмкіндік береді. Телефон сигналының қосымша күшейткіші байланыс сапасын жақсартады.

ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІ ЖҮЙЕЛЕРІ

Автокөлікті басқаруды және тұраққа қоюды оңай әрі қауіпсіз етуге арналған функциялар таңдауға қолжетімді, ал көптеген инновациялық технологиялар жүргізу жайлылығын арттырады.

ЗАМАНАУИ СӘН-САЛТАНАТ

ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ ЖАЙЛЫЛЫҚ

Бүйірлік ұстағыштары молдау және эргономиялық көпшіктері бар алдыңғы орындықтар 20 бағытта реттеледі, сондай-ақ массаж және жүргізуші баптауларын жадқа сақтау функцияларымен толықтырылған. Опция ретінде жылыту және салқындату жүйесі бар алдыңғы орындықтар ұсынылады.
КОНФИГУРАТОР

ӘСЕРЛІ ДИНАМИКА

ЭЛЕКТРЛІ ГИБРИД

PHEV («электр желісінен зарядталатын гибрид автокөлік») нұсқасындағы Range Rover Velar екі әлемнің артықшылықтарын біріктіреді: ол 105 кВт электрмотормен және Ingenium бензиндік қозғалтқышымен жабдықталған. 65 к솆 расталған жүріс қоры бар электрмобиль режиміндегі сапарды бағалаңыз.

ЭЛЕКТРЛІ ГИБРИДТІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ

EV ЖҮРІС ҚОРЫ (ДЕЙІН)

64 КМ**

Шынайы пайдалану жағдайларындағы болжанған жүріс қоры (WLTP шеңберінде ) — 51 км дейін.

ШЫҒАРЫНДЫЛАР2 CO2 (БАСТАП)

39 Г/КМ**

Электржетекпен жүрген кезде шығарындылар жоқ.

ҚОҒАМДЫҚ ЗАРЯДТАУ СТАНЦИЯЛАРЫНДА ЗАРЯДТАУ —

0,5 САҒ

Тұрақты токпен 0-ден 80 %-ға дейін 30 минут ішінде тез зарядтау.

ҮЙДЕ ЗАРЯДТАУ —

2.5 САҒ

0-ден 80 %-ға дейін зарядтау.

СЕНІМДІЛІК ҰЯЛАТАТЫН МҮМКІНДІКТЕР

Range Rover Velar Driving Dynamics
Range Rover Velar Optimum Traction
Range Rover Velar Adaptable Technologies

АУҚЫМДЫ ДЕРБЕСТЕНДІРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

АРНАЙЫ СІЗ ҮШІН

Жабдықтау топтамалары мен аксессуарлардың алуан түрлі таңдауы. Түстердің, дөңгелек дискілерінің және төбеге арналған аксессуарлардың ауқымды таңдауы. Осының бәрі — сіздің Range Rover Velar.
КОНФИГУРАТОР

ЖАҢА ДҮНИЕМЕН ТАНЫСЫҢЫЗ

RANGE ROVER VELAR ЖИНАҚТАМАЛАРЫ

RANGE ROVER VELAR ЖИНАҚТАМАЛАРЫ

Барлық қолжетімді жинақтамалармен танысыңыз.
СИПАТТАМАЛАРЫ

СИПАТТАМАЛАРЫ

Сандар мен фактілер.

††WLTP көрсеткіштерін қарап шығу.

Бұл деректер өндірушінің толық зарядталған батареямен ЕО заңнамасына сәйкес жүргізілген ресми сынақтарынан алынған. Тек салыстыру үшін. Шын пайдалану жағдайларында сипаттамаларда айырмашылық болуы мүмкін. CO2 шығарындысының мәндері2отын үнемдеу, энергия тұтыну және жүріс қоры көрсеткіштері көлік жүргізу стилі, қоршаған орта жағдайлары, таситын жүктің, орнатылған дөңгелектің және қосымша жабдықтың салмағы, нақты бағыт және аккумулятордың жай-күйі сияқты факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Жүріс қоры бойынша деректер стандартты маршрут бойынша жүріп өткен сериялық автокөлікке негізделген.

Зарядтау уақыты көптеген факторларға, соның ішінде көліктің шыққан жылы мен күйіне, қоршаған орта температурасына және батарея зарядының деңгейіне, сондай-ақ зарядтау құрылғысына және зарядталу ұзақтығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

1Connected Navigation сервисіне жазылымның қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін оны Land Rover ресми дилеріне хабарласып, ұзартуға болады.

2Адал пайдалану ережелері қолданылуы мүмкін. 1 жылға стандартты жазылым, оны бастапқы кезең аяқталғаннан кейін Land Rover дилеріне хабарласып, ұзартуға болады.
32020 жылы Panasonic компаниясы үшін жүргізілген Texcell зерттеуі. Нәтижелер Panasonic компаниясы тарапынан ұсынылған.

Назар аударыңыз: стандартты функциялар интерьер әрлемесінің қосымша нұсқаларын таңдағанда өзгеруі мүмкін. Стандартты функциялар көліктің қозғалтқыш нұсқасына және беріліс қорабына байланысты өзгеруі мүмкін.

Қосымша функциялар мен олардың қолжетімділігі автокөлік жинақтамасына (модификация және күштік агрегат) және сатылу нарығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Бірқатар функциялар үшін қосымша компоненттер орнату қажет болады. Қосымша ақпарат алу үшін ресми дилерге хабарласыңыз немесе онлайн-конфигураторды пайдаланыңыз.

Жүргізушінің мультимедиалық функцияларды қауіпсіз жағдайда ғана қолдануына рұқсат етіледі. Жүргізушілер әрдайым автокөлікті толық бақылауда ұстауы тиіс.

Pivi және InControl функциялары мен опцияларының, сондай-ақ бөгде жеткізушілер қызметтерінің қолжетімділігі нарыққа байланысты. Еліңіз үшін қолжетімділік пен толық талаптар туралы ақпаратты Land Rover ресми дилерінен біліңіз. Кейбір мүмкіндіктер жазылымның болуын талап етеді, оны ресми дилер ұсынған бастапқы мерзімнен кейін ұзарту қажет болады. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ. InControl технологиясы туралы ақпарат және оны бейнелейтін суреттер, соның ішінде экранның безендірілуі мен іс-әрекеттер бірізділігі бағдарламалық құрал нұсқасына, жаңартуларға, сондай-ақ әртүрлі опцияларды таңдауға байланысты басқа да жүйелік/визуалды баптауларға байланысты өзгертілуі мүмкін.

Apple CarPlay — Apple Inc. компаниясының сауда маркасы. Apple Inc. компаниясының соңғы пайдаланушы талаптары қолданылуы мүмкін.

Android AutoTM — Google LLC компаниясының сауда маркасы.

App Store — Apple Inc компаниясының сауда маркасы.

Google Play Store — Google LLC компаниясының сауда маркасы.

MeridianTM — Meridian Audio Ltd. компаниясының тіркелген сауда белгісі. TrifieldTM және «three fields» құрылғысы – Trifield Productions Ltd компаниясының сауда белгісі.